Accessibility links

Павлодарда "Хизб-ут-Тахрирға" қатысы бар екі адам сотталды


Павлодарда экстремистік "Хизб-ут-Тахрир" партиясының мүшесі деген айыппен екі азамат сотталды деп хабарлайды "КазТАГ" агенттігі.

Облыстық прокуратураның өкілі Қайрат Абылқасовтың мәлімдеуінше, Селищев пен Хамзин деген жас азаматтар негізінен студенттер мен жұмыссыздарға аталмыш ұйымның экстремистік материалдарын таратқан.

Селищев үш жылға бас бостандығынын айырылды, ал тыйым салынған ұйымның идеологиясынан бас тартқан Хамзин шартты түрде екі жыл түрме жазасына кесілді деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG