Accessibility links

Ливияның Бенгази қаласында жарылыс болды


Бүгін Ливияның шығысындағы Бенгази қаласында жарылыстар естілді. Хабарларға қарағанда, оппозициялық көтерілісшілердің бақылауындағы қалаға Муаммар Каддафидің күштері әуеден соққы берген болуы мүмкін. Бірақ бұл хабар әлі расталған жоқ.

Жұма күні АҚШ ресми өкілдері Каддафидің күштерін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Ливияда атысты тезарада тоқтату жөніндегі жаңа қарарын бұзып жатыр деп айыптады. АҚШ президенті Барак Обама егер Каддафи БҰҰ резолюциясына мойынсұнбаса, оған қарсы халықаралық әскери әрекет қолданылады деп ескертті. Обама Бенгази мен тағы басқа қалалардан Каддафи әскерилерінің шығарылуын талап етті.

Бүгін Парижде Еуропа Одағы, Араб лигасы және Африка одағының өкілдері жиналып, Ливия мәселесін талқылайды. Франциядағы келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун да қатысады.
XS
SM
MD
LG