Accessibility links

Президенттіктен үміткерлер сайлау комиссиясына шағымданды


Қазақстанда президенттіктен үміткер төрт кандидаттың үшеуі сайлау алды науқанына жасалып жатқан кедергілерге қатысты шағымданды.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясына Ғани Қасымов, Мэлс Елеусізов және Жамбыл Ахметбековтен шағым түскен. Олардың айтуынша, Қазақстанның кей облыстарында үгіт-насихат материалдарын таратуда қиындықтар туып отыр. Аталмыш саясаткерлердің мәлімдемесінде жергілікті билік орындары сайлаушылармен кездесу ұйымдастыру үшін ғимаратты өз уақытында бермейді делінген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-де өтеді. Оған қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та түседі.
XS
SM
MD
LG