Accessibility links

Каддафи күштері жеткен Бенгазиден адамдар кетіп жатыр


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің күштері оппозициялық көтерілісшілердің бақылауындағы Бенгази қаласының шет аймақтарына жетті.

Әлемнің алпауыт елдері Триполиді БҰҰ қарарын бұзды деп айыптады. Жұма күні Каддафи режимі Қауіпсіздік кеңесінің қарарына мойынсұнып, атысты доғаратынын жариялаған болатын. Ливия көтерілісшілерінің баспасөз хатшысы Каддафи әскерилері атысты тоқтатпастан Бенгазиге батыстан кірді деп хабарлады. Каддафи режимі болса әскерилеріміз көтерілісшілердің шабуылынан өзін-өзі қорғау үшін әрекет етті деп, халықаралық қарарды бұзбағанын айтады. Соңғы хабарларға қарағанда, Бенгазиден мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетіп жатыр.

Бүгін Парижде Еуропа Одағы, Араб лигасы және Африка одағының өкілдері жиналып, Ливия мәселесін, атап айтқанда, Ливияға халықаралық әскери әрекет қолданылуы мүмкіндігін талқылайды. Франциядағы келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун да қатысады.
XS
SM
MD
LG