Accessibility links

НАТО күштері Ливияда ұшуға шектеу енгізу үшін әуеден соққы берді


АҚШ пен еуропалық әскерлер әуеден және теңізден Ливияға соққы беріп, Муаммар Каддафи күштерінің бейбіт халыққа оқ атуын тоқтату үшін БҰҰ-ның Ливия әуесінде ұшуға салған тыйымын күшіне енгізді.

Каддафи режимі АҚШ, Британия және Францияның сенбі күні бастаған бұл шабуылынан кемінде 48 адам қаза тауып, 150 кісі жараланды деп хабарлады.

НАТО өкілдері Ливиядағы операцияның бірінші деңгейі ливиялық күштерді басуға арналған деді. Франция мен Британияның соғыс ұшақтары бомбалық шабуылдар жасаса, Пентагон АҚШ пен британиялық теңіз күштері 110 қанатты зымыран атылғанын айтты.

Ливия мемлекеттік телеарнасы арқылы сөйлеген сөзінде Каддафи Ливия халқын "коалициялық шапқыншылықтан" қорғаймын деп айтты. Ол Ливияның әскери қоймалары елді қорғаймын деген азаматтарға ашық екенін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG