Accessibility links

АҚШ қорғаныс хатшысының Ресейге сапары кейінге қалды


АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Ливиядағы жағдайларды бақылауда ұстау үшін Ресейге сапарын кейінге қалдырған.

Гейтс жексенбі күні Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласына үш күндік сапармен баруы керек болған. Алайда Пентагон өкілі Моррелдің журналистерге айтуынша, Гейтстің сапары бір тәулікке кешіктірілген.

Бұл туралы Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиге жақын күштердің бейбіт халыққа әуеден берілген шабуылын тоқтату үшін БҰҰ-ның шешімімен әскери операциялар басталған соң айтылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG