Accessibility links

Ресей мен Қытай Ливияға әскери араласу мен атысқа өкініш білдірді


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүше елдері Қытай мен Ресей халықаралық күштердің Ливияға қарулы операция жүргізгенін қолдамай, мүмкіндігінше тезірек атысты тоқтатуға шақырды.

Бұл екі ел бейсенбі күнгі Қауіпсіздік кеңесіндегі халықаралық әскери араласуға қатысты дауыс берулерде вето қою құқын пайдаланбаған. Ресей мен Қытай дауыс беруден қалыс қалған бес елдің қатарында болған. БҰҰ-ның қарарын Қауіпсіздік кеңесіне мүше 10 ел қолдап дауыс бергенде, еш ел қарсы болмады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Мәскеу қазір Ливияда ұшақ ұшуына тыйым салу қарары «асығыс қабылданған» деп ойлайды.

Қытай Сыртқы істер министрлігі де таратқан мәлімдемесінде, Бейжің халықаралық күш қолдануды қолдамайды деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG