Accessibility links

Бахрейнде адам құқын қорғаушы белсенді ұсталған


Хабарларға қарағанда, Бахрейннің қауіпсіздік күштері жексенбі күні ертерек елдегі адам құқы жағдайын ашық сынап жүрген белгілі құқық қорғаушыны қамауға алған.

Бахрейндегі Адам құқын қорғау орталығының өкілі Саид Юсифтің айтуынша, шийт көтерілісшілерін басып тастап жатқан қауіпсіздік күштері өткен түнде Набил Раджабты үйінен ұстап әкеткен.

Раджаб Бахрейн қауіпсіздік күштері мен оның одақтас сауд арабиялық және араб әмірліктері елдерін елде қырғын жасап жатыр деп айыптаған.

Бахрейндегі шерушілерді күшпен басып тастау шаралары басталған сәрсенбіден бері Раджабпен қатар 10 белсенді қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG