Accessibility links

Фукусимадағы 2-ші реактор іске қосылды


Жапонияның Фукусима атом электр стансасындағы жұмысшылар екінші реактордың жұмысын қалпына келтірген. Мамандар бұл ядролық кешеннің салқындату жүйесін қайта іске қосып, үлкен ядролық апаттың алдын алады деді.

Жерсілкінісі мен цунамиден атом стансасындағы алты реактордың салқындатқыш жүйесі жұмыс істемей қалған еді. Соның салдарынан ауаға радиоактивті заттар тараған.

Жапония үкіметі дағдарыс шешілген соң, ядролық кешеннің жұмысын тоқтататынын хабарлады. Бірақ Жапонияның азық-түлігі мен суынан радиация белгілері табылып жатқаны үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.

Бүгін Тайвань елі Жапониядан жұма күні әкелінген бұршақтардан радиоактивті заттар табылғанын хабарлады.

Жапония билігі жексенбі күні елді талқандап кеткен жерсілкінісі мен цунамиден қаза тапқандардың ресми саны 8 мың 133 болғанын айтты. Тағы 12 мың адам хабарсыз кеткендер тізімінде қалды. Бірақ жапон полициясы Мияги префектурасының өзінде 15 мыңнан аса адам құрбан болды деп санайтынын айтады.
XS
SM
MD
LG