Accessibility links

АҚШ: Каддафи күштеріне қарсы операцияның бірінші бөлігі сәтті өтті


АҚШ Қарулы күштер штабы басшыларының бірлескен комитет басшысы Майкл Маллен Ливияға қарсы халықаралық операцияның алғашқы бөлігі сәтті болды, ливиялық армия Бенгази қаласына соққысын тоқтатты деді.

Малленнің мәлімдемесі АҚШ пен Еуропалық күштер Муаммар Каддафидің әуедегі әрі жердегі әскерін нысанаға алған шабуылдарын жасаған соң айтып отыр.

АҚШ, Франция және Британия Каддафи күштерінің бейбіт халықты өлтіруін тоқтату үшін сенбіден бастап, Ливияның үстінен ұшуға салынған тыйымды күшіне енгізген.

Каддафи режимі халықаралық әскердің сенбі күні бастаған бұл шабуылынан кемінде 48 адам қаза тауып, 150 кісі жараланды деп хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG