Accessibility links

Халықаралық күштер Каддафи бекіністеріне екінші күн соққы берді


Халықаралық одақтас күштердің Ливия жетекшісінің биліктен кетуін талап еткен оппозицияға қарсы шабуылын тоқтату мақсатында бастаған соққысы екі тәулікке жалғасты.

АҚШ, Британия, Франция, Италия, Канада және басқа да бірқатар елдер Ливияның үстінен ұшақ ұшуға салынған тыйым күшіне енді деп отыр.

Вашингтон Каддафи режимінің атысты тоқтату ұсынысынан бас тартты.
АҚШ оны мағынасыз деп қабылдамай, Каддафи жасақтары оны жариялана салысымен бірінші болып өздері бұзды дейді.

Жексенбі күні Ливия астанасы Триполиде жарылыстар болды. Ливия билігінің өкілдері зымыран соққысынан Каддафидің жеке құрылымы талқандалды деп отыр. Ол шабуыл кезінде Каддафидің қайда болғаны белгісіз.
XS
SM
MD
LG