Accessibility links

Жапониядағы "Фукусима-Дайичи" АЭС үстін сұр бұлт басты


Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен "Фукусима-Дайичи" атом электр станциясының (АЭС) үшінші реакторының үстін сұр бұлт басқан соң жұмысшыларды АЭС аумағынан алып кетті. Бұлттың неден пайда болғаны тексеріліп жатыр.

Би-би-сидің хабарлауынша, АЭС-тің үш реакторына электор энергиясын беру қалпына келген. Бірақ реакторлардың салқындату жүйесі әлі жөнделген жоқ.

Халықаралық банк сарапшыларының айтуынша, Жапониядағы жер сілкінісі мен цунамидің зардабын жоюға бес жыл және 235 миллиардтай доллар керек.

Ел билігі табиғат апатынан мерт болған адамдардың саны 18 мыңнан асып кете ме деп қауіптеніп отыр. Сегіз жарым мыңдай адамның қазасы ресми түрде расталды. Он үш мыңдай адам хабар-ошарсыз кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG