Accessibility links

Пәкістанда шахта жарылысының құрбандары 24-ке жетті


Пәкістанның оңтүстік-батысында апат болған көмір шахтасынан тағы 18 адамның мәйіті шығарылып, жарылыстан қаза тапқандар саны 24-ке жетті.

Кеншілер инспекторы Ифтикар Ахмедтің айтуынша, жексенбі күні Кветта қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан шахтадағы апатқа метан газының жарылуы себеп болды. Ол қаза болғандардың көбісі газдан уланған деп отыр.

Белуджистан уәлаятындағы бұл шахта екі апта бұрын қауіпті жағдайда деп жарияланған. Бірақ Ахмед бұл ескертуге мән берілмей келді деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG