Accessibility links

Карзай ауған күштерінің бақылауына өтетін аймақтарды жариялайды


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ бастаған күштер елдің қауіпсіздігіне жауапкершілікті тапсыра бастағандықтан, ауғандық күштерге бірінші болып қандай аймақтар бақылауға берілетінін айтады.

Ауғандық күштер шілде айынан бастап кейбір аймақтарға бақылауды ала бастайды деп жоспарланған. Бұл Ауғанстандағы талибан мен исламистік экстремистермен күресіп жатқан 140 мың шетелдік жасақтың елден шығуына әкеледі.

АҚШ пен НАТО өкілдері Ауғанстандағы қауіпсіздікке бақылау біртіндеп тапсырылады және елдегі әр аймақтың қауіпсіздік жағдайының деңгейіне қатысты болады деген.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG