Accessibility links

Йеменде әскер қолбасшысы шерушілер жағына өтті


Йемен астанасы Санааға әскери көліктер мен танкілер кіргізілді. Мұндай шаралар армия қолбасшыларының бірі президент Али Абдулла Салехті биліктен кетуге шақырған шерушілер жағына шығып кеткен соң қолға алынып отыр.

Армияның бірінші дивизиясының қолбасшысы, генерал-майор Али Мохсен әл-Ахмар Санаада журналистерге мәлімдегенінде, өзінің Салех режиміне қарсы қозғалысқа қосылатынын айтқан.

Ел президентінің жақын одақтасы болған әл-Ахмар ақпан айында үкіметтік күштердің шерушілерді басып-жаншуы кезінде ондаған адам өлген соң қызметінен кетіп отыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG