Accessibility links

Amnesty International босқындарды экстрадицияламауға шақырды


Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Алматыда 2010 жылы 9 маусымда ұсталған 25 өзбек босқынын Өзбекстанға бермек болған Қазақстанның шешіміне алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады.

«Өзбек босқындары Өзбекстанға таяу арада берілуі мүмкін. Босқындарға ол жақта азап көрсетіліп, басқа да құқықтары бұзылуы ықтимал» дейді құқық қорғау ұйымы.

Ұйым босқындарды Өзбекстанға күштеп қайтару әрекеті 1951 жылы қабылданған босқындар туралы конвенцияға қайшы екенін ескертеді. Қазақстан Азапқа қарсы конвенцияның 3 (1) бабы бойынша, «босқындардың адамдық құқы бұзылып, азап көреді деген күдік туса, ондай елдерге күштеп қайтаруға болмайтынын» ескеруі керек дейді құқық қорғау ұйымы.

Amnesty International барлық ұйымдардың бұл мәлімдемені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, осы елдің сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа, бас прокуроры Қайрат Мәмиге және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктерге жіберулерін өтініпті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG