Accessibility links

Әйел зорлаған Израильдің бұрынғы президенті түрмеге жабылды


Хабарларға қарағанда, Израильдің бұрынғы президенті Моше Кацав әйел зорлады деген айыппен бүгін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кацав 1998 жылы туризм министрі болған кезінде өзінің қызметкерін зорлады деген айып бойынша желтоқсан айында айыпты деп танылған болатын. Сонымен қатар оған 2000-2007 жылдар аралығында Израильдің президенті міндетін атқарып жатқан кезінде екі әйелге нәпсіқорлықпен тиісті деген айып тағылды.
XS
SM
MD
LG