Accessibility links

Ауған күштері елдің кей аймағындағы қауіпсіздікті өз қолына алмақ


Ауғанстанның қауіпсіздік күштері шілде айында елдің 7 аймағындағы қауіпсіздікті өз бақылауына алады. Бұл туралы бүгін президент Хамид Карзай мәлімдеді. Оның айтуынша, 2014 жылдың аяғына дейін ауған полициясы мен сарбаздары елді толығымен қорғай алуы тиіс.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алғашқы қадам ретінде елдің қауіпсіздік күштері Хелманд уәлаятының астанасы Лашкар Гах, батыстағы Херат, солтүстіктегі Мазар-и Шариф пен шығыстағы Лагман уәлаятының Мехтерлам қаласын өз бақылауына алмақ.

Бұған қоса өтпелі кезеңдегі тізімде Бамиан мен Панжир уәлаяттарының барлық аймақтары және де Кабулдың кей аудандары бар.
XS
SM
MD
LG