Accessibility links

Коалициялық күштердің Триполиге шабуылы жалғасты


Ливия үкіметінің мәлімдеуінше, коалициялық күштердің үшінші күнгі әуе шабуылдарынан көптеген қарапайым азамат опат болған.

Коалициялық күштер Ливияның әуе кеңістігінде ұшуға шектеу енгізу жөніндегі халықаралық әрекетті күшейтіп жатыр. Полковник Муаммар Каддафидің құрылымы жанында жарылыстар естілді деп хабарланып отыр.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, БҰҰ-ның қарарын күшейту мақсатындағы ауыртпалықты бөлісу үшін АҚШ Ливияға қатысты жетекші ролін бірнеше күннің ішінде тапсырады. "Вашингтонның ресми ұстанымы - Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи биліктен кетуі тиіс", - деді Обама. Бұл туралы АҚШ президенті Чилиге сапары барысында мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG