Accessibility links

Израиль ұшақтары Газаға шабуылдады


Израильдің әскери ұшақтары Газа секторындағы палестиналық жауынгерлердің екі туннелі мен қару қоймаларына шабуылдады. Палестина денсаулық сақтау бөлімінің ресми өкілі Адхам Абу Салмияның айтуынша, 18 қарапайым азамат пен "Хамас" қауіпсіздік күштері жарақат алған. Нысанаға алынған жерлердің жанындағы ғимараттар да қиратылды деп хабарланды.

Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, бұл шабуылдар өткен аптада Газадан Израильге атылған зымырандарға жауап ретінде жасалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG