Accessibility links

Обама Латын Америкасына жаңа әріптестікті ұсынды


Президент Барак Обама АҚШ пен Латын Америка елдері арасындағы қарым-қатынастарды тепе-тең әріптестік негізінде жаңартуға шақырды.

Чилиде сөйлеген сөзінде Обама Латын Америкасы - АҚШ-тың дамуы мен қауіпсіздігі үшін маңызды деп атап көрсетті. Обама бұл аймақты оның динамизмі үшін мадақтап, Латын Америкасы ғаламдық мәселелерде үлкен роль атқаруға әзір деп атап көрсетті. Обаманың айтуынша, аталмыш аймақтың саяси тәжірибесі демократияға ұмтылған халықтар үшін үлгі бола алады.

Чилиден бұрын Бразилияға барған АҚШ президенті бүгін Сальвадорға аттанады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG