Accessibility links

Йемен президенті 2012 жылға дейін биліктен кететінін айтты


Бүгін Йемен президенті Әли Абдулла Салех 2012 жылдың қаңтар айына дейін парламенттік сайлауларды өткізген соң ғана биліктен кететінін мәлімдеді. Президент баспасөз хатшысының айтуынша, Салех өзінен кейін кімнің жетекші болатынын білмегендіктен билікті тапсырудан бас тартып отыр.

Оппозиция Салехтің ұсынысын қабылдамайтынын айтып, бұл "кезекті саяси ойын" деп атап көрсетті.

Сейсенбі күні АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Вашингтон Йемендегі тұрақсыздыққа байланысты алаңдап отыр деп мәлімдеді. Елді 32 жыл басқарып отырған Салехтің биліктен кетуін талап еткен наразылық танытушылар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстарда ондаған адам опат болды.

Салех - радикалды исламшыларға қарсы күресте АҚШ-тың одақтасы болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG