Accessibility links

АҚШ Каддафиге қарсы операцияның басқарылуын одақтастарына тапсырмақ


Президент Барак Обаманың мәлімдеуінше, АҚШ Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиге қарсы коалициялық шабуылдарға қатысты басшылықты бірнеше күннің ішінде одақтастарына тапсырады.

Обама мен Франция президенті Николя Саркози және Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Ливия әуе кеңістігінде ұшуға шектеу енгізу әрекеттері мен Каддафи күштерінің шабуылдарынан қарапайым азаматтарды қорғау операциясын басқаруда НАТО маңызды роль атқаруы тиіс деп келісті.

Брюссельде НАТО ресми өкілдері Ливияда БҰҰ-ның қару эмбаргосын күшейту үшін альянстың әскери кемелері Ливия жағалауын күзете бастайды деп мәлімдеді. Хабарларға қарағанда, әскери теңіз миссиясы Италиядағы НАТО орталығынан басқарылады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG