Accessibility links

Карзай "Талибанды" бейбітшілік келіссөзіне қосылуға шақырды


Ауғанстан президенті тағы да "Талибанды" бейбітшілік келіссөздеріне қосылуға шақырып отыр. Хамид Карзай "Талибан" бүлікшілерін елдегі шабуылдарын тоқтатуға және мектептерді өртемеуге шақырды.

Ауғанстанның жаңа жыл мерекесінен кейін алғашқы жұмыс күні Карзай Кабулдағы Амани мектебінде сөз сөйлеп, ауған қоғамын қайта құруда білім беру саласы өте маңызды деп атап көрсетті. Карзай ауғандықтар "Талибан" бүлікшілерінің қарулары мен шабуылдарынан қорықпайды деп ескертті.

Соңғы апталарда ауған үкіметі мен оның халықаралық серіктестері "Талибанмен" бейбіт келіссөздерін өткізуді көздеп келеді.
XS
SM
MD
LG