Accessibility links

АҚШ өзінің атом нысандарының қауіпсіздігін тексеріп жатыр


АҚШ-тың ядролық энергетика саласын реттеу жөніндегі комиссиясы елдегі атом электр станцияларының қауіпсіздік жағдайын тексеруді бастады.

АҚШ-та жұмыс істеп тұрған 104 АЭС бар.

Комиссияның хабарламасында, Жапониядағы "Фукусима-Дайичи" АЭС-інде болған апаттан өзгелер "сабақ алуы" керектігі айтылған. Зілзала мен цунами салдарынан жапон атом электр станциясын салқындатып тұрған жүйе істен шығып, ауаға радиация тараған еді. Қазір жүйені қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сәрсенбі күні Токиода құбыр арқылы келетін ауыз су құрамында шамадан көп радиоактивті йод бары мәлім болды. Билік орындары атом станциясымен жапсарлас аудандардан тағам өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG