Accessibility links

Португалияның үкімет жетекшісі отставкаға кетті


Португалия парламенті биліктегі Социалистер партиясының бюджет қаржысын үнемдеу туралы ұсынысын көпшілік дауыспен қабылдамай тастаған соң елдің премьер-министрі Жозе Сократеш отставкаға кетті.

Бюджеттің шығыс бөлігін қысқартып, салықты көбейтуді көздейтін үкімет жоспары барша оппозициялық күштердің қарсылығына тап болды.

Португалияда күрделі қаржы жағдайы қалыптасып отыр. Сарапшылар Грекия мен Ирландия сияқты Португалия да Еуропа одағынан жәрдем сұрауға мәжбүр болуы мүмкін деген болжам айтады. Алайда бюджет шығынын қысқартпайынша ондай жәрдемнің берілуі екіталай дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG