Accessibility links

«Қытайға да жан керек…»


Жапон дәрігері радиацияның деңгейін тексеру үстінде. Корияма, 13 наурыз 2011 жыл.

Жапон дәрігері радиацияның деңгейін тексеру үстінде. Корияма, 13 наурыз 2011 жыл.

Жапон елінің талай аймағын жалмаған табиғаттың тылсым жағдайы елді талай-талай шығындарға батырып қана қоймай, өзге мемлекеттерге де кері әсерін тігізіп жатыр. Жапонияның атом электр станциясындағы жарылыстан талай ел қауіптеніп отыр.

Мысалы, алғашқыда Қытай өз халқын ауаға таралған радиациядан сақтануды ескертіп ұялы телефондарға хабарламалар таратты. Объективті негіздер болмағанымен де осындай хабарламадан кейін-ақ мұнда болуы мүмкін жұқпалы дерттен алдын-ала сақтану үшін қарапайым халықтың тұз бен йодқа деген сұранысы бұрын-соңды болмаған жағдайға дейін белең алып кетті. Дүкен терезесінде «Бұл дүкенде тұз таусылды» деген жазу ілініп тұр.

Зертеушілердің айтуынша, сыртқа тараған радиация ауа және су толқындары арқылы АҚШ-қа қарай бағыт алған. Бірақ Қытай үкіметі бұған өз халқын сендіре алар емес. Қазір жұрт дүкендердегі бар тұзды тауысты. Осының салдарынан Қытайдың көптеген қалаларында тұз тапшылығы байқалды.

Сол себептен ел үкіметі бүгінгі таңда ең алдымен Жапон жерінде болған жағдайдан Қытай халқына, олардың өмірлеріне қандай да бір қауіптің жоқ екеніне сендіруге, екіншіден, қалыпты жағдайдан артық тұз сатып алу қажет еместігіне және де тұз тапшылығы байқалған аймақтарды тұзбен қамтамасыз етіп, нарықтағы баға тұрақтылығын сақтауға күш салып жатыр.

Қытайдың интернеттегі «Ваidu» іздеу жүйесінің арнайы жаңалықтар платформасында осы жағдайға байланысты түрлі тақырыптар көтерілді. Мұнда жалған сөз, өсек-аяң деген сөзі негізге алынған. Екі сөз қатарынан «яао йен (yáoyán)» деп оқылып, мәтінде тікелей мағынасындағы «өтірік тұз» деген аударманы береді.

http://ertai.dosym.kz

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG