Accessibility links

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Австриядағы елшісі болып тағайындалды


Қазақстан президентінің жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ақпарат бүгін Қазақстан президентінің ресми сайтында жарияланды.

Қайрат Әбдірахманов 2008 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болып қызмет атқарды.
XS
SM
MD
LG