Accessibility links

Еуропа одағы Муаммар Каддафиді биліктен дереу кетуге шақырды


Брюссельдегі саммитте Еуропа одағының жетекшілері Ливия басшысы Муаммар Каддафиді биліктен дереу кетуге шақырған мәлімдеме қабылдады.

Құжатта Ливияда демократияға өту туралы жалпыұлттық диалог бастау қажеттігі туралы айтылған. Сонымен бірге, Еуропа одағы Бенгазиде ливиялық оппозиция құрған Уақытша ұлттық кеңеспен диалог орнатуға әзір екенін білдіріп отыр.

Саммитте Каддафи режиміне қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім режимнің мұнай-газ сатудан пайда табуына тосқауыл қоюды көздейді. Сонымен қатар Ливия ұлттық мұнай корпорациясының Еуропа одағы елдеріндегі активтері тұмшаланады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG