Accessibility links

Назарбаев баспасөзге тісі батқан "жыртқыштардың" тізімінен шыққан жоқ


Халықаралық "Шекарасыз репортерлер" ұйымы "Журналистердің үрейін ұшыратын 38 мемлекет басшысы мен жетекшілер" атты баяндамасын жариялады.

Мамырдың 3-і - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні жарияланған баяндамаға қарағанда, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «баспасөз бостандығына тіс батырғандар» қатарында қалған. Бұл жолғы тізімде Назарбаев 112-ші орында тұр. Өткен жылы да "баспасөздің жыртқыштары» тізімінде Назарбаевтың аты аталған еді.

2009 жылы Қазақстанда барлық интернет-сайттарды бұқаралық ақпарат құралдарына теңеу туралы заң қабылданып, таратқан ақпараты үшін олардың жауапкершілігі күшейтілді, елде журналистердің қудалануы жалғасып жатыр делінген баяндамада.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG