Accessibility links

Алматы маңында полициямен қақтығысқан тұрғындар тұтқындалды


Алматы маңындағы Думан шағын ауданындағы қақтығыс барысында ұсталған адамдардың 30-дан астамы қамалды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соттың шешімі бойынша олар 7-10 тәулікке тұтқындалған, бірнеше адамға айыппұл салынған. Әкімшілік жазаға тартылғандардың саны өсуі мүмкін деп хабарланды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 1 және 2 мамыр күндері Алматы маңындағы Думан-1, Думан-2 шағын аудандарындағы бос жатқан жерді басып алған жергілікті тұрғындар полициямен қақтығысып қалып, ондаған кісі ұсталған еді.
XS
SM
MD
LG