Accessibility links

Кирилл Денякиннің денесі АҚШ-тан Қазақстанға жеткізілді


АҚШ-та қаза тапқан Қазақстан азаматы Кирилл Денякин. (Сурет kruzhechka.yvision.kz блогынан алынды).

АҚШ-та қаза тапқан Қазақстан азаматы Кирилл Денякин. (Сурет kruzhechka.yvision.kz блогынан алынды).

АҚШ-та қаза болған Қазақстан азаматы Кирилл Денякиннің сүйегі бүгін таңертең ұшақпен Қазақстанға жеткізілгені марқұмның туыстарынан белгілі болды деп хабарлайды қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары.

Марқұмның әкесі Иван Денякиннің айтуынша, Кирилл анасы АҚШ-тан оралған соң ғана жерлейді.

Қазақстан азаматы, 26 жастағы Кирилл Денякин сәуірдің 23-і күні АҚШ-тың Портсмут қаласында оққа ұшқан. Кейбір деректерге қарағанда, полиция қызметкері жас жігітті тонаушы деп ойлап қалып, қателесіп атқан.

Туыстарының айтуынша, осыдан бес жыл бұрын «Уорк энд Тревел» бағдарламасы бойынша АҚШ-қа кеткен Кирилл Денякин университетті тәмамдаған соң сол елде қалып, Портсмуттағы «Ренессанс» қонақ үйінде аспаз болып жұмыс істеп жүрген.
XS
SM
MD
LG