Accessibility links

Иракта жарылыстан кемінде 10 адам қаза болды


Ирактың Хилла қаласында бүгін таңертең болған жарылыстан кемінде 10 (кейбір деректер бойынша, 15) адам көз жұмып, ондаған тұрғын жараланған.

Полиция мекемесінің жанында тұрған автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған. Қаза болғандар мен жараланғандардың көбі - полиция қызметкерлері деп хабарланды.

Иракта соңғы айларда жарылыстар мен қарулы шабуылдар бұрынғыдан азайғанымен, лаңкестердің кесірінен мезгілсіз ажал құшып жатқандар аз емес. Жергілікті билік орындарының мәліметі бойынша, тек сәуір айында ғана 211 адам осындай қастандық оқиғаларының құрбаны болған.
XS
SM
MD
LG