Accessibility links

Мексикада жарылыс болған шахтада 14 кенші қалып қойды


Мексиканың солтүстігіндегі, АҚШ-пен шекарадағы Коауила штатындағы шахтада сейсенбі күні кешке газ жарылысы болып, 14 адам шыға алмай қалған. Жарылыс салдарынан жараланған бір адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Шахтада қалып қойғандармен әлі байланыса алған жоқ.

2006 жылы Мексиканың осы аймағында шахталардың біріндегі жарылыстан 65 кенші қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG