Accessibility links

Португалия 78 миллиард еуро халықаралық жәрдем алатын болды


Португалия үкіметі Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорынан қаржылай жәрдем алу жөнінде келісімге қол жеткізді. Португалия премьер-министрі міндетін уақытша атқарушы Жозе Сократеш елге үш жылға 78 миллиард еуро қарыз берілетіні туралы хабарлады.

Португалияға дейін Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қоры Греция мен Ирландияға да қаржылай көмек берген.

Наурыздың соңында Португалия оппозициясы сол кездегі премьер-министр Жозе Сократеш ұсынған бюджет қаржысын үнемдеу жоспарын қабылдамай тастаған соң үкімет отставкаға кеткен еді.

Бұл елде маусымның 5-і парламент сайлауы өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG