Accessibility links

Батыс Қазақстанда газ құбырындағы өрт салдарынан бір кісі көз жұмды


Мамырдың 3-і күні Батыс Қазақстан облысында «Орта Азия - Орталық» газ құбырының Жаңақала ауданы жерінен өтетін қосалқы бөлігінде құбыр жарылып, содан шыққан өрт салдарынан бір адам қаза болды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға болған тұста құбыр арқылы газ жіберу тоқтатылып, өрт сөндірілген. Төтенше оқиға газ тасымалындағы технологиялық процеске кедергі келтірмеген деп хабарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG