Accessibility links

Бүгін Каирде ХАМАС пен "Фатх" арасындағы келісімге қол қойылмақ


Бүгін Египет астанасы Каир қаласында Палестинадағы үлкен екі топ - ХАМАС және "Фатх" арасындағы келісімге қол қою рәсімі өтпекші.

Қазірде Иордан өзенінің батыс жағалауын басқаратын "Фатх" пен Газа секторын бақылауда ұстап отырған ХАМАС топтары өзара қырғи-қабақ болғалы төрт жыл өтті. Екі тарап өткен аптада Египеттің араағайындығымен мәмілеге келген еді.

Бүгінгі қол қою рәсіміне Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас пен ХАМАС көсемі Халед Машааль қатысады деп хабарланды.

Тараптардың жетекшілері бұл келісім тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға көмектеседі деп үміттенеді.

Бұл келісімді қош көрмейтін Израиль "Фатх" ХАМАС пен Израильдің бірін таңдасын деп отыр.
XS
SM
MD
LG