Accessibility links

Палестиналық топтар арасындағы келісімге қол қойылды


Бүгін Египет астанасы Каирде палестиналық "Фатх" пен "Хамас" фракциялары арасындағы келісімге қол қойылды.

Қазірде Иордан өзенінің батыс жағалауын басқаратын "Фатх" пен Газа секторын бақылауда ұстап отырған "Хамас" топтары өзара қырғи-қабақ болғалы төрт жыл өтті. Екі тарап өткен аптада Египеттің арағайындығымен мәмілеге келген еді.

Сәрсенбі күнгі қол қою рәсіміне Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас пен "Хамас" көсемі Халед Машааль қатысты.

Тараптардың жетекшілері бұл келісім тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға көмектеседі деп үміттенетіндерін айтты.

Бұл келісімді қош көрмейтін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху "Фатх" "Хамас" пен Израильдің бірін таңдасын деп отыр. Махмуд Аббас болса, Нетаняху палестиналықтармен бейбітшілік пен қоныстардың бірін таңдауы тиіс деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG