Accessibility links

Әбіқаев кеден қызметінде контрабанданы жоюға уәде етті


Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың мәлімдеуінше, елдің арнайы қызметтері мен полиция бірлесіп, контрабандамен күресуге ниеттеніп отыр. Әбіқаевтың айтуынша, кеден қызметінде жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен жоғары лауазымды шенеуніктерді тұтқындау операциясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен жүргізілген.

Осыдан бір күн бұрын қаржы полициясы Қытаймен арадағы шекарада «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғанын» хабарлаған болатын. Олардың арасында Ақмола облысы ұлттық қауіпсіздік көмитеті департаменті бастығының орынбасары мен «Қорғас» кеден бекетінің басшысы да бар.
XS
SM
MD
LG