Accessibility links

Тунистің бұрынғы президентіне жаңа айыптар тағылды


Тунис билігі елдің бұрынғы президенті Зин әл-Әбидин бен Әли мен оның әйеліне жаңа айыптар тақты. Ол айыптаулар қаңтар айында болған жаппай толқу кезінде қауіпсіздік күштерінің іс-әрекеттері салдарынан құрбан болғандарға қатысты деп хабарланды.

Бұған дейін Тунис әділет министрі бен Әлиге сырттай 18 айып тағылғанын мәлімдеген еді. Олардың арасында адам өлтіру, есірткі тасымалы, мемлекетке қарсы конспирация және тағы басқа қылмыстарға қатысты айыптар бар.

Елдегі жаппай наразылық шаралары барысында биліктен құлатылған Зин әл-Әбидин бен Әли биыл қаңтардың 14-і күні Сауд Арабиясына қашып кеткен болатын. Ол Тунисті 23 жыл бойы үздіксіз басқарды.
XS
SM
MD
LG