Accessibility links

Египеттің бұрынғы ішкі істер министрі сотталды


Египеттің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли жемқорлық жасады деген айыппен 12 жылға қамалды.

Бүгін Каирдегі қылмыстық сотта осындай үкім шығарыды. Әл-Адли - ақпан айында бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілгелі бері сотталған алғашқы бұрынғы жоғары лауазымды ресми өкіл. Мүбәрәктің режимінде 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген әл-Адлиге "Египеттегі наразылық шарасы барысында шерушілерге шабуылдауды бұйырды" деген айыптар да тағылып отыр. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Хосни Мүбәрәктің өзі қазір Шарм әл-Шейхтегі ауруханада қамауда отыр.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG