Accessibility links

АҚШ пен Италия Сириядағы зорлық-зомбылықты доғаруға шақырды


АҚШ пен Италия Сирия билігін наразылық танытушыларды басып-жаншуын тезарада тоқтатуға шақырды.

Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттинидің айтуынша, Сирия режимі демократияшыл шерушілермен диалогты қайта бастауы тиіс. Римде бірлескен баспасөз мәслихатын өткізген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Сирия үкіметі репрессияларды доғаруы керек.

Хабарларға қарағанда, Сирия армиясы Дераа қаласынан сарбаздары мен әскери көліктерін шығара бастаған.

Сирияда наразылық танытушыларды басып-жаншу кезінде кемінде 560 адам мерт болды делінеді.
XS
SM
MD
LG