Accessibility links

Атырау облысындағы наразылық танытушылар пойызды тоқтатты


Бүгін Атырау облысы Мақат ауданындағы Доссор ауылында жүздеген адам темір жолды бөгеп, "Атырау-Маңғыстау" бағытындағы жолаушылар пойызын тоқтатты деп хабарлайды оқиға орнынан Азаттық тілшісі.

Доссор тұрғындары жергілікті билік орындарынан күкірт тиелген 16 вагонды алып тастауды және ауылда күкірт өңдеу зауытын құру жоспарынан бас тартуды талап етті. Тұрғындардың айтуынша, олардың елді мекені арқылы өтетін темір жолда әлгі вагондар бірнеше күннен бері тұр, осыған байланысты соңғы күндері кейбір тұрғындардың денсаулығы нашарлаған.

Мақат ауданының әкімі Қилымғали Қайненов Азаттық радиосына күкірт тиелген вагондандың кімдікі екенін білмейтінін айтты. Жергілікті билік орындары әлгі вагондарды басқа жерге көшіруге уәде етті.
XS
SM
MD
LG