Accessibility links

Каддафидің бұрынғы медбикесі Норвегиядан баспана сұрады


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің жеке медбикесі болған Украина азаматы Галина Колотницкая өзіне саяси баспана беруін сұрап, Норвегия үкіметіне өтініш берді. Бұл туралы бүгін Норвегия полициясының өкілі хабарлады.

Оның айтуынша, Ливияда Каддафи билігіне қарсы толқулар басталған соң алдымен Украинаға оралған Колотницкая наурыз айынан бастап Норвегияның астанасы Осло қаласында уақытша тұрып жатыр.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Колотницкая Украинадағы журналистер әртүрлі сауал қойып, маза бермеген соң басқа елге кетуді ұйғарған.

Бұған дейін «Уикилкс» сайты Ливияда жұмыс істеген америкалық дипломаттардың былтыр жолдаған қызмет хаттарын жария еткен еді. Ол құжаттарда Галина Колотницкая Муаммар Каддафиге өте жақын әйел ретінде сипатталған.
XS
SM
MD
LG