Accessibility links

Назарбаев бір топ адамға мемлекеттік наградалар мен әскери шен тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назрбаев бүгін Астанада 7 мамыр - "Отан қорғаушылар күні" қарсаңында бір топ әскери және полиция қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Назарбаев биыл сәуір айының басында Алматыда аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген топты ұстауға қатысқан ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы жасақ бөлімінің бастығы Нұрлан Қоқановқа және осы арнайы жасақтың бірнеше сарбазына ІІ дәрежедегі «Айбын» орденін табыс етті.

Сондай-ақ, бүгін президент бір топ адамға жоғары әскери атақ пен шен тапсырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG