Accessibility links

АҚШ әскерилері бин Ладеннің үйінен «құнды олжа» табылғанын айтады


АҚШ теңіз жаяу әскері корпусының генералы Ричард Милс. Вашингтон, 27 сәуір 2011 жыл.

АҚШ теңіз жаяу әскері корпусының генералы Ричард Милс. Вашингтон, 27 сәуір 2011 жыл.

АҚШ әскерилері мамырдың 1-і күні "әл-Қаида" жетекшісі Усама бин Ладенге қарсы жүргізілген арнайы операция кезінде ол тұрып жатқан үйден табылған құжат деректерінің Ауғанстандағы тәліптерге қарсы іс-қимылдарға пайдасы тиюі мүмкін екендігін айтады.

Вашингтонда журналистерге берген сұқбатында АҚШ теңіз жаяу әскері корпусының генералы Ричард Милс Пәкістандағы бин Ладен тұрған үйден табылған әлгі құжаттар америкалық барлау қызметі үшін «құнды олжа» болуы ықтимал деп мәлімдеген.

Генералдың айтуынша, Ауғанстандағы бүлікшілер бекінген аудандар туралы деректер жыл соңына таман тәліптер күшін әлсіретуге көмектесуі мүмкін.

Мамырдың 1-і күні АҚШ-тың арнайы әскери тобы Пәкістанда "әл-Қаида" жетекшісі Усама бин Ладенді өлтіргені туралы АҚШ президенті Барак Обама хабарлаған еді. Американың батыстағы одақтастары бин Ладеннің қазасы туралы жаңалықты оң қабылдап, бірақ оның өлімімен бірге "әл-Қаида" жоғалып кетпеуі мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG