Accessibility links

Кот-д'Ивуар президенті Алассан Уаттара бүгін ант береді


Кот-д'Ивуар президенті Алассан Уаттара бүгін ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріседі.

Осының қарсаңында елдің конституциялық кеңесі Алассан Уаттара былтыр қарашада өткен президент сайлауында жеңіске жетті деп ресми түрде жариялап, желтоқсан айында шығарған өз шешімінің күшін жойды. Конституциялық кеңес желтоқсандағы шешімінде Уаттараның саяси қарсыласы, соңғы он жыл бойы елді басқарып келген Лоран Гбагбоны президент сайлауының жеңімпазы деп атаған еді.

Мұның ақыры халықаралық қауымдастық Кот-д'Ивуардың заңды президенті деп таныған Алассан Уаттара мен президент қызметінен кетуден бас тартқан Лоран Гбагбоны қолдаушылар арасындағы қарулы текетіреске ұласты.

Кот-д'Ивуар мемлекетіндегі жүздеген адам құрбан болған қарулы жанжал тек биыл сәуір айында, Лоран Гбагбо тұтқынға алынған соң ғана аяқталды.
XS
SM
MD
LG