Accessibility links

Мароккодағы жарылысқа қатысты 3 күдікті ұсталды


Жарылыс болған кафенің көрінісі. Марракеш, 28 сәуір 2011 жыл.
Жарылыс болған кафенің көрінісі. Марракеш, 28 сәуір 2011 жыл.
Марокко билігі Марракеш қаласында өткен айда болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен үш адамның ұсталғанын хабарлады. Үшеуі де сол ел азаматтары, билік олардың "Әл-Каида" ұйымымен байланысы бар деген деректер барын айтады.

"Франс пресс" агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер елдің батысындағы Сафи қаласында ұсталған.

Сәуірдің 28-і күні Марракеш қаласындағы кафелердің бірінде болған жарылыс салдарынан 16 кісі мерт болып, 20-дан аса адам жараланды. Құрбан болғандардың көпшілігі - осы елге келген шетелдік туристер.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Мароккодағы террорлық жарылысты айыптады.
XS
SM
MD
LG