Accessibility links

Латвияда БТА банкіне қатысты тергеу жүріп жатыр


Еуропа Одағына мүше Латвияның құқық қорғау орындары Қазақстанның БТА банкіне қатысты тергеу ісін бастады деп хабарлады Германияның "Дойче Пресс" ақпарат агенттігі.

Тергеу Латвия премьер-министрі Валдис Домбровскис пен Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың 2010 жылғы хаттарынан кейін басталған делінеді.

Қазақстан билік орындары бір кездері ең ірі банк болған БТА-дан 17 миллиард АҚШ доллары ұрланды, оның шамамен 10 миллиарды Латвия банктері арқылы жымқырылды деп айыптап отыр.

2009 жылы ақпан айында БТА мемлекет қарамағына өтіп, банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов шетелге кетіп қалған еді. Сол жылы Қазақстанның құқық орындары оған қарсы қылмыстық іс қозғады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG