Accessibility links

Ресейде адвокат пен журналисті өлтірген азамат сотталды


Ресейде адвокат пен журналисті өлтірген әсіре ұлтшыл азамат өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Жұма күні Мәскеу қалалық соты 31 жастағы Никита Тихоновқа үкім шығарды. Осы аптаның басында Тихоновқа "адвокат Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурованы атып өлтірді" деген айып бойынша үкім шықты.

Тихоновтың құрбысы 26 жастағы Евгения Хасис 2009 жылдың қаңтар айындағы шабуылға қатысқаны үшін 18 жылға сотталды.

Прокурорлардың айтуынша, Тихонов пен Хасистің тыйым салынған әсіре ұлтшыл топпен байланысы бар. Сотталғандар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Маркелов пен Бабурова Мәскеудегі метро станциясы жанында оққа ұшқан болатын.
XS
SM
MD
LG